Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік пен батыс аймақтарында аптап ыстық сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +40 градусқа дейін жетеді.
Елордада көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +11…+13 градус, күндіз +26…+28 градус болады.
Алматыда жауын-шашынсыз, күндіз +32…+34 градус ыстық сақталады. Шымкентте ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтеріледі.
Ең ыстық өңірлердің қатарында Түркістан мен Қызылорда бар. Түркістанда күндіз +38…+40 градус, Қызылордада +37…+39 градус ыстық болады. Сондай-ақ Атырауда +35…+37, Таразда +34…+36, Ақтөбе, Жезқазған, Қонаев, Талдықорған және Оралда +32…+35 градус аралығында ыстық күтіледі.
Солтүстік өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде салқындау болады. Көкшетауда күндіз +21…+23, Петропавлда +23…+25, Қостанайда +25…+27, Павлодар мен Астанада +26…+28, Қарағандыда +27…+29 градус болады.
Шығыс өңірлерде тұрақсыз ауа райы сақталады. Павлодар мен Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өскеменде жауын-шашын күтілмегенімен, желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +28…+30 градус шамасында болады.