Мәзір
19 наурыз, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Күйеуі терезеден лақтырып жіберген әйелдің 7 баласына халық үй сыйлады

Шымкентте 42 жастағы 7 баланың анасының мәйіті көпқабатты үйдің ауласынан табылған еді. Күдікті ретінде күйеуі ұсталды. Журналист Гүлмира Әбіқай жан-жаққа тарап кеткен 7 баланың басын қосып, халықтың қаражатына үй алып берді,деп хабарлайды buginmedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Күйеуі терезеден лақтырып жіберген әйелдің 7 баласына халық үй сыйлады Күйеуі терезеден лақтырып жіберген әйелдің 7 баласына халық үй сыйлады
Коллаж: Orda.kz

Қайғылы оқиға 5 ақпанда болды. Әйел күйеуімен осыдан 4 жыл бұрын ажырасқан. Бірақ ер адам әйелдің соңынан аңдуын қоймапты. Кейін күйеуі әйелін сөйлесуге шақырады. Алайда көпқабатты үйдің ауласынан әйелдің денесі табылды. Туыстары әйелдің өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Күйеуі күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ата-анадан бір күнде айырылған 7 бала жан-жаққа тарап кетті. Тұңғыш қызының басында баспана болмағандықтан кәмелет жасына толмағандар арнайы орталықтарға жіберілген. Ең кішісі бөбектер үйіне, бірі балалар үйіне кетті. Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әйелдің тұңғыш қызы қоңырау шалып, көмек сұрағанын жеткізді. Кейін халық балалардың бір шаңырақ астында тұруын қалап, қаражат жинай бастады.

Бүгін, 19 наурыз күні журналист сүйінші жаңалықты айтты. 7 баланың басы бірігіп, жаңа қоныстарына барды. 

«Екі апта бұрын кенеттен панасыз қалған 7 бала көмек сұраған еді. Анасы белгісіз жағдайда 3-ші қабаттан секіріп қайтыс болды. Әкесі бұл өлімге күдікті деп қамалды. Баланың үлкені 20-да, кішісі 2-де. Төбесінен жай түскендей сәтте кәмелетке толмаған 5 бауыр мемлекет қарауына өтті. Тарыдай шашыраған 7 баланың басы қосылу үшін үй қажет. Осы жайлы жазғаным сол екен, 2 тәулікте жетерлік қаражат жиылды. Шымкенттің ортасынан 3 бөлмелі пәтер сатып алып, ересек қызға рәсімдедік», - деп жазды ол. 

Журналистің айтуынша, 5 бала үйдің тұңғышы, өз әпкелерінің қамқорлығына өткен. 

Үйдің екі үлкен қызының бірі даяшы болып, бірі тігінші болып жұмыс істейді екен. Ал кішкентайларға қаладағы қырықтан аса үйірме тегін қызмет ұсыныпты. Гүлмира Әбіқайдың оқырманы 1 жылдық комуналдық төлемдерді өз мойынына алған.

Анасынан айырылған 7 бала халыққа өз алғыстарын білдірді.  

Апта талқысында: