Қазір Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін деген болжаммен Қазақстанның екі азаматы іздестіріліп жатыр.
«Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандықтардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткен», – деп хабарлады ведомство.
Оқиға қалай болды?
Табиғи апат Непалдың Қытаймен шекаралас аумағында болған. Төтенше жағдайға Тибет тауларынан бастау алатын Бхоте-Коси өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі себеп болған.
БАҚ мәліметінше, табиғи апаттан қаза тапқандар саны 500-ге жуықтаған. Аман қалған тұрғындар тікұшақтармен қауіпсіз жерге, соның ішінде әскери лагерьлерге эвакуацияланып жатыр.
Тасқынға себеп болуы мүмкін қар мен тастан тұратын көшкін бір шақырымнан астам биіктіктен аңғарға құлаған.
Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Непал мен Қытай шекарасына жақын аумақта Қазақстан азаматының жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Ол туристік топ құрамында болған.