Мәзір
Бүгін, 11:37 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай депутаты болмайды

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай депутаты болмайды Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай депутаты болмайды
Фото: instagram.com/tamara_assar_official / asha_matai

Сайлаушылар тізіміне 12,6 миллионнан астам азамат енгізілген. Оның 9,3 миллионнан астамы дауыс беріп, сайлауға қатысу көрсеткіші 74,08%-ды құрады.

Партиялар жинаған дауыс саны мынадай болды:

«Әділет» — 6 528 948 дауыс (71,17%)

«Ауыл» — 574 621 дауыс (6,26%)

Respublica — 509 631 дауыс (5,56%)

«Ақ жол» — 478 083 дауыс (5,21%)

ЖСДП — 469 058 дауыс (5,11%)

ҚХП — 285 395 дауыс (3,11%)

«Байтақ» — 97 751 дауыс (1,07%)

«Бәріне қарсы» — 2,51%

Алдын ала нәтиже бойынша Құрылтайға бес партия өтуі мүмкін. Олар — «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП.

Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтайға өте алмады

Сайлау алдында ҚХП партиялық тізіміне танымал тележүргізуші Аша Матай мен әнші Тамара Асар да енгізілген еді.

Алайда заңнамаға сәйкес, Құрылтайдағы мандаттарды бөлуге кемінде 5% дауыс жинаған партиялар ғана қатысады. ҚХП 3,11% дауыс алғандықтан, партияның тізіміндегі кандидаттар Құрылтай депутаты атана алмайды.

Осылайша, мәдениет саласының белгілі өкілдері бұл жолы Құрылтай құрамына өте алмады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2