Мәзір
18 наурыз, 2025 / BuginMedia / Мәдениет

Қазақстандықтар музейлер мен театрларды үйден шықпай-ақ тамашалай алады

Мәдениет және ақпарат министрлігі жасанды интеллектіні қолданатын цифрлық бастамалар әзірлеп жатыр. Солардың бірі – «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын цифрландыру». Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстандықтар музейлер мен театрларды үйден шықпай-ақ тамашалай алады Қазақстандықтар музейлер мен театрларды үйден шықпай-ақ тамашалай алады
Фото: 365info.kz

Қазір министрлік аясында «Qazaq Culture» ақпараттық-ағартушылық платформасы жұмыс істейді. Платформа 8 тілде қолжетімді: қазақ, ағылшын, орыс, түрік, қытай, араб, испан, француз.

«Qazaq Culture» платформасы еліміздің мәдени құндылықтары туралы тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік аудиторияға да ақпарат таратады. Жобаны кеңейту аясында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы, құнды экспонаттар мен сирек кездесетін жәдігерлер цифрландырылатын жеке модуль іске қосылады.

Негізгі мақсат – үйден шықпай-ақ Қазақстан музейлері мен театрларын, көрмелерін тамашалау, Қазақстандық телевизияның алтын қорымен танысу.

Апта талқысында: