Мәзір
Бүгін, 09:15 / BuginMedia / Экономика

Қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық: Отбасы банк ескі үйлерге ипотека бере бастайды

Отбасы банк ипотека рәсімдеуге болатын тұрғын үйлердің тізімін кеңейтті. Енді қазақстандықтар қайталама нарықтан, оның ішінде кеңестік кезеңде салынған панельді үйлерден де пәтер сатып алу мүмкіндігіне жиі ие болады, деп хабарлайды buginmedia.kz krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық: Отбасы банк ескі үйлерге ипотека бере бастайды Қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық: Отбасы банк ескі үйлерге ипотека бере бастайды
Фото: krisha.kz

Отбасы банк кепілге қойылатын тұрғын үйге қатысты талаптарды жаңартып, ипотекаға жарамды баспаналардың қатарын кеңейтті.

Жаңа талаптарға сәйкес, енді жасы 60 жылға дейінгі панельді үйлерден пәтер сатып алуға ипотека рәсімдеуге болады. Бұған дейін банк тек 50 жылдан аспаған панельді үйлерді кепіл ретінде қабылдайтын. Сонымен қатар, ипотекаға жарамды панельді тұрғын үйлердің салынған жылына қатысты талап та өзгерді. Енді 1976 жылдан емес, 1966 жылдан бері пайдалануға берілген панельді үйлердегі пәтерлерді де несиеге сатып алуға мүмкіндік бар.

Өзгерістер жеке тұрғын үйлерге де қатысты. Бұдан былай банк SIP-панельдерден салынған үйлерді де кепіл ретінде қабылдайды. Алайда мұндай баспаналар бірнеше талапқа сай болуы тиіс: үй пайдалануға берілгеніне бес жылдан аспауы, SIP-панельдердің сертификатталған болуы, іргетасының капиталды болуы, ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқталуы және барлық инженерлік коммуникациялардың жүргізілуі міндетті.

Жаңа талаптар, әсіресе ескі панельді тұрғын үй қоры басым Алматы сияқты қалаларда баспана сатып алуды жоспарлаған азаматтардың таңдау мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2