Мәзір
Бүгін, 10:59 / BuginMedia / Әлемде

Израильдіктер палестиналықтарға үйлерін тастап кетуді талап етті

Батыс жағалаудағы Кусра ауылында шамамен он палестиналық отбасы үйлерін тастап кету туралы нұсқау алған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Израильдіктер палестиналықтарға үйлерін тастап кетуді талап етті Израильдіктер палестиналықтарға үйлерін тастап кетуді талап етті
bbc.com

BBC ақпаратына сәйкес, аталған үйлер Израиль қоныстанушыларын шығару бойынша жүргізілген әскери операция кезінде басып алынған. 9 тамыздан бері қоныстанушылар аймақтағы үш үйдің тұрғындарын қоршауға алып, олардың электр қуаты мен су жүйелерін ажыратқан.

Кусра қаласының мэрі Абдель Азим Вади ауылдың жабық әскери аймақ ретінде жарияланғанын айтты. Оның мәліметінше, Израиль әскері тұрғындар босап қалған кейбір палестиналық үйлерді казарма ретінде пайдаланып жатыр.

Израиль тарапы әскерилердің әрекетін тұрғындарды қорғау қажеттілігімен түсіндірді. Сонымен қатар Израиль өкілі Давид Менсер қоныстанушылардың әрекетін айыптап, оларды жауапқа тарту үшін тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

BBC бағалауынша, қазіргі Израиль үкіметі тұсында еврей қоныстарының кеңеюі қоныстанушылардың әрекетіне қосымша серпін беріп, палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықтың өсуіне себеп болған.

Халықаралық құқық тұрғысынан Батыс жағалаудағы Израиль қоныстары заңсыз деп саналады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2