Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Тереңкөл ауданында тұрғын үйдегі өрт кезінде 1982 жылы туған ер адам қаза тапқан. Ер адамның өртеніп жатқан үйден әйелін және балаларын құтқарамын деп көз жұмғаны белгілі болды.
“Өрт сөндірушілер келгенге дейін ер адам әйелін және үш баласын терезеден шығарып үлгерген”, – делінген ТЖД хабарламасында.
Газдан уланған әйел мен балалар аудандық ауруханаға жеткізілген.
Өрт үйдің шатырын шарпыған. Өрттің жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда.