Бұл туралы ІІМ басшысы Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
– Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А. Алиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. ІІМ марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді, – деп жазды министр.
Оқиға орнына Ішкі істер министрі орынбасарының басшылығымен арнайы комиссия жіберілді. Тергеу барысы ІІМ басшысының бақылауында.