Заң жобасы Үкіметтің бастамасымен әзірленді.
«Біріншіден, ГОБМП пакетін 2027 жылға қарай екі есе, яғни 57 пайыздан 32 пайызға дейін қысқарту, сәйкесінше МӘМС пакетін 68 пайызға дейін ұлғайту, екіншіден, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер тарапынан МӘМС жарналары үшін төленетін табыстың жоғары шегін 10 еселенген ең төменгі жалақыдан 50-ге дейін арттыру, үшіншіден жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздар мен әлеуметтік әл ауқаты дағдарыстық деңгейге жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеу көзделіп отыр», - деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды дайындайды.