Мәзір
29 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Депутаттар такси жүргізушілеріне жарна төлеуді міндеттейтін нормаларды алып тастауды ұсынды

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев жолаушыларды таситын таксилердің қызметін реттейтін өзін-өзі реттеу ұйымдарын құру мәселесін сынға алды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Депутаттар такси жүргізушілеріне жарна төлеуді міндеттейтін нормаларды алып тастауды ұсынды Депутаттар такси жүргізушілеріне жарна төлеуді міндеттейтін нормаларды алып тастауды ұсынды
Фото: istockphoto.com

Депутаттың айтуынша, жұмыссыз жүрген жандар мен айлығы шайлығынан артылмайтын ағайын такси болып нәпақа таба бастағаны сол еді, уәкілетті министрлік бұл саланы «реформалау керек» деген бастамамен шыға келді.

«Министрліктің ойынша, енді әр таксист өзін-өзі реттеу ұйымына мүше болып жарна төлеу керек екен. Депутаттар бұл нормаға қарсы шыққанда, жарнананы такси қызметімен айналысатын мобильді қосымшаларға тіркелген жеке кәсіпкерлер төлейді деді министрлік. Бірақ міндетті төлемдердің енгізілуі жолаушы тасымалдау қызметінің қымбаттауына әкеледі, жапа шегетін қарапайым халық. Осы ретте такси және автобуспен жолаушы тасымалдайтын салаға өзін-өзі реттеу ұйымын енгізу, яғни өзін-өзі реттеу ұйымдарын құрып азаматтарды оның қатарына кіруге міндеттеу тұтас саланың бір қолға өтуіне, салдарынан монополияның болуына апарар жол. Біз «AMANAT» фракциясының бір топ депуты бұл қисынсыз шешімді тоқтатын нақты нормаларды заңға енгіздік. Әріптестерімізді де, Үкімет өкілдерін де аталған түзетулерді қолдауға шақырамын», - деді ол.

Апта талқысында: