Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай мәлім етті.
«Егер қосымша құн салығы өссе, жалақы қорына түсіп отырған салмақты әлеуметтік салық пен міндетті зейнетақы жарнасын жою арқылы 10 пайыз азайтып, 30 пайызға жеткізуге дайынбыз. Ол шығындарды бюджет өз мойнына алады», - деді Жұманғарин.