Мәзір
26 ақпан, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматы облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

"Алматы – Астана" автожолының 56 шақырымында 4 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматы облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды Алматы облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды
фото: Halyq Uni

         

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford көлігі өртеніп кеткен.

– Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады полициядан.

Апта талқысында: