Мәзір
Бүгін, 12:39 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтөбе облысында ер адам той үстінде қайтыс болды

Ақтөбе облысында тойға қонақ болып барған 26 жастағы ер адам төбелес кезінде қаза тапты. Жас жігіттің денесін кейін кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар тауып алған,   деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақтөбе облысында ер адам той үстінде қайтыс болды Ақтөбе облысында ер адам той үстінде қайтыс болды
Ашық дереккөз

Тойдағы жанжал өліммен аяқталды

Алдын ала мәлімет бойынша, той кезінде қонақтардың арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Қақтығыс салдарынан ер адам ауыр жарақат алып, көз жұмған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті «Курсив» редакциясының сауалына берген жауабында оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында», – деп мәлімдеді полиция.

Қазір құқық қорғау органдары жанжалдың неден басталғанын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2