Мәзір
8 тамыз, 2026 / BuginMedia / Әлемде

Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды

Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің әкесі әрі ұзақ жылдар бойы оның агенті болған Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды
Ашық дереккөз

Хорхе Месси жұма күні кешке Аргентинаның Росарио қаласындағы медициналық клиникада көз жұмған. БАҚ мәліметінше, ол ұзақ уақыт бойы денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болған.

Хорхе Месси ұлы Лионельдің футболдағы мансабында маңызды рөл атқарды. Ол Мессидің агенті ретінде оның кәсіби жолының алғашқы кезеңдерінде бірге жүріп, жас футболшының «Барселонаға» ауысуы кезінде де жанында болған.

Лионель Месси 13 жасында «Барселонаның» жастар академиясына қабылданып, кейін клубтың негізгі командасында әлемдік футбол жұлдызына айналды.

Хорхе Мессидің қайтыс болғаны туралы ақпаратты бірнеше халықаралық ақпарат агенттігі растады. Отбасы бұл қайғылы жағдайға байланысты әзірге қосымша мәлімет жариялаған жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2