Синоптикалық процестердің жиі өзгеруі салдарынан аралық мезгіл өте тұрақсыз болып келеді, сондықтан көктемде табиғаттың тосын сыйлары орын алуы ықтимал. Мысалы, суық ауа массалары келген кезде қатты қар жаууы, солтүстік аймақтарда оған қоса бұрқасын соғуы, ал арктикалық суық ауа келген жағдайда үсік болуы мүмкін. Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа қарқынды келген кезде жаздағыдай ыстық ауа райы, әсіресе сәуір және мамыр айларында орын алуы мүмкін. Өткен жылы, мысалы, сәуір айының ортасында республиканың көптеген облыстарында жаздағыдай жылы ауа райы орын алып, термометр бағаны +22+30°С көрсетті.
Көктем кезеңінде жауын шашынның таралуы мынадай болады деп болжануда:
- наурыз айында республиканың басым бөлігінде нормадан көп, елдің оңтүстік-батыс жартысында (Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан басым бөлігіенде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде) нормаға жуық жауын-шашын болжанады;
- сәуір айында республиканың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстік-батыс жартысында (Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және Ақмола облысының солтүстік-батысында) нормадан көп болады деп күтілуде;
- мамыр айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, елдің оңтүстік-батыс бөлігінде және орталығында нормадан аз (Маңғыстау, Ұлытау, Қарағанды облыстарында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының солтүстігінде), қиыр солтүстікте, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы, тау бөктерлі аудандарында (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, сондай-ақ елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының, шығысының таулы және тау бөктерлі аудандарында) нормадан көп күтіледі.