Болжам бойынша, ер мен әйел өткен жексенбіде бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Кейін масайған екеуінің арасында жанжал туады. Ашуға булыққан қаскөй келіншекті пышақтап, мәйітін бөлшектеп тастаған. Кейін жақын маңайдағы қоқыс контейнеріне тастаған.
Ал коммуналшылар мәйітті тұрмыс қалдықтармен қоса зауытқа алып келген. 42 жастағы күдікті мен марқұм жер үйдің бір бөлмесін жалдап тұрған. Қазір мұнда есік жабық. Көрші-қолаң мән-жайдан хабарсыз. Бір анығы, ер адам қамауға алынған.
"Түрксіб ауданы полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.