Рейдтік іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке асықты. Олар 1994 жылы туған айелді жедел түрде судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны жедел жәрдем қызметерлеріне тапсырды. Белгілі болғандай, ол сүретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ жұқалтаң мұз шыдамай, су астына түсіп кеткен.
Құтқарушы Данил Соловей мұзға шығуға тыйым салынғанын еске салады.
«Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары, ауа райына байланысты мұздың құрылымы тұрақсыз. Мұзға шықпауды өтінеміз. Өзіңізге және өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз», - делінген ТЖМ хабарламасында.