Мәзір
19 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Спорт

Қазақстандық құтқарушы Қытайда ММА чемпионы атанды

18 қаңтар Люйлянда (Қытай) жергілікті JCK Kings 007 лигасының ММА жекпе-жек турнирі өтті, деп хабарлайды buginmedia.kz

Қазақстандық құтқарушы Қытайда ММА чемпионы атанды Қазақстандық құтқарушы Қытайда ММА чемпионы атанды
Фото: видеодан алынды

Аталмыш іс-шарада бұрын соңды жеңіліс таппаған қазақстандық Көшен Ақанов (5-0) Kubulan Tursynbek-пен (15-12) жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек бойынша хабарламаны 27 жастағы Ақанов аз уақыт ішінде қабылдады. Бастапқыда ол 17 қаңтарда Кувейтте өтетін жекпе-жекке шығуы керек еді, алайда жекпе-жек қарсыласының жарақат алуына байланысты тоқтатылды.

Спортшылар арасындағы бәсекелестік жоғары болды, алайда бұл турнирде елордалық құтқарушы Көшен Ақанов қарсыласынан мықты болып, чемпион атағына ие болды.

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2