Мәзір
14 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтөбеде кепілге алынған екі адам көз жұмды

Ақтөбеде кепілге алынған екі адам көз жұмды, деп хабарлайды buginmedia.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде кепілге алынған екі адам көз жұмды Ақтөбеде кепілге алынған екі адам көз жұмды
Фото: видеодан алынды

Бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болды. Үшінші жәбірленушінің жағдайы ауыр.

Кеше кешкі сағат 8-де «102» пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды. Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Апта талқысында: