Бұл туралы ТАСС ақпарат агентігі мәлім етті.
Атап айтқанда, осы жайында бразилиялық G1 порталына аталған ведомстводан хабарлаған.
"Ұшақтағы өздігінен жазғыш екі құралдағы деректерді жинақтау және тексеру жұмыстары аяқталды", — делінген ақпаратта.
Сонымен бірге, O Globo газеті ведомствоның Қазақстан билігіне тиісті ақпаратты жіберіп қойғанын жазып отыр.
Еске салсақ, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.
Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты. Өкінішке қарай, мерт болған жандардың арасында 6 Қазақстан азаматы болған.