Мәзір
3 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Телефоны өшірілмей қалды»: 40 жыл отасқан күйеуінің құпиясын білген әйел төсек тартып жатып қалды

Заңгер Ләззат Рақышева 2025 жылы өзіне келген кезекті хатты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Телефоны өшірілмей қалды": 40 жыл отасқан күйеуінің құпиясын білген әйел төсек тартып жатып қалды "Телефоны өшірілмей қалды": 40 жыл отасқан күйеуінің құпиясын білген әйел төсек тартып жатып қалды
Фото: style.rbc.ru

Әйел 40 жыл отасқан күйеуінің сатып кеткенін баяндаған.

"Менің 40 жыл бірге тұрған жолдасымның басқа отбасы бар болып шықты. Жолдасым біздің кішігірім қалада өмір бойы бір заводтың басшысы болды. Айлап Алматыға сапарға кететін, 4 баламызға мықты білім бердік, бәрі шет елдерде оқып, сол жақта жақсы қызметке орналасты. Балаларымыздың бәрі үйленді. Мен марқұм енем екеуіміз үйдің тірлігімен өмір сүріп жаттық. Жолдасым екеуіміз жастай қосылдық, ол кезде 20-дан асқанбыз. Мен оны әрқашан қолдап жүрдім, бірге өмірдің ыстық-суығын көрдік. Балаларымызға жақсы тәрбие бердік, ешқашан ұрысқан емеспіз. Жасым 60-тан асқанда жолдасым мені сатып кетеді деп ойламадым, қазір 70-ке келдік. Ол бір күні Алматыға сапарға кетті жұмыс бабымен, сол кезде мен “аман есен жеттің бе“ деп хабарластым. “Бәрі жақсы уайымдама, ұшып келдім қонақ үйге, кіріп барамын" деді. Сол кезде асығып телефоны өшірілмей қалды, мен трубканы ұстап тұрмын. Ары жақтан “Папа, папам келді деген қыздың дауысы шықты..бәрін естіп тұрмын.., жаным, сені қатты сағындық қой..” деген жас әйелдің дауысы шықты. Мен өз құлағыма өзім сенбей қатып қалдым. Оның екінші әйелі біздің үлкен қызымызбен жасты екен, қыздары немереммен жасты болып шықты. Сол кеткеннен 10 жыл болып қалды, қазір жалғыз тұрып жатырмын. 3 жыл төсек тартып жаттым, депрессиядан шыға алмай көпке дейін қиналдым. Қыздарым шет елге алып шығып көңілімді аулаған болады, бірақ әлі жүрегімде. 40 жыл бірге өмір сүрген күйеуімнің сатқындығын кешіре алмадым. Күйеуім жас әйелімен бақытты өмір сүріп жатыр", - деп жазған әйел.

Апта талқысында: