Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады. Еліміздің оңтүстік-шығыс аймағында қатты қар жауады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.