Мәзір
29 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Ақтаудағы апатта қаза тапқан Гаухар Шәймерденова мен ұлын туыстары соңғы сапарға шығарып салды

Ақтау маңында болған ұшақ апатында қаза тапқан Гаухар Шәймерденова мен оның ұлын туыстары мен достары Астана қаласында соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақтаудағы апатта қаза тапқан Гаухар Шәймерденова мен ұлын туыстары соңғы сапарға шығарып салды Ақтаудағы апатта қаза тапқан Гаухар Шәймерденова мен ұлын туыстары соңғы сапарға шығарып салды
Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Марқұмдардың жаназасы Астанадағы Республикалық орталық мешітте өтті.

Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Жұмағат Эльдар апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортында болған.

Астана тұрғыны Гаухар Жұмағатқызы Шаймерденова мен оның ұлы Елдар Жұмағат Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан. Шаймерденова 1975 жылы туған. Астананың белгілі нотариусы. Оның ұлы 2013 жылғы бала еді.

Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. 

Апта талқысында: