Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

4 тәсіл бар: Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай көбейтуге болады?

4 тәсіл бар: Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай көбейтуге болады? 4 тәсіл бар: Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай көбейтуге болады?
ашық дереккөз

Көбірек ақша, табыс тапөысы келетін қазақстандықтар болашақ зейнетақысының көлемін арттыру үшін бірнеше мүмкіндікті пайдалана алады. Атап айтқанда, қосымша жарна аударып, жұмыс берушінің төлемдерін бақылауға және жинақтарын инвестициялық басқаруға беруге болады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ерікті зейнетақы жарнасын аударуға болады

Зейнетақы жинағын көбейтудің бір жолы – ерікті зейнетақы жарнасын төлеу. Бұл жағдайда азамат міндетті жарналардан бөлек, өз қалауымен қосымша ақша аударады. Оның мөлшері мен аудару жиілігін өзі белгілейді.

Мысалы, ай сайын 5 мың, 10 мың немесе 20 мың теңге салуға болады. Ерікті жарнаны өз пайдасына ғана емес, балаларының немесе жақындарының атына да аударуға мүмкіндік бар.

БЖЗҚ-ның түсіндіруінше, ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері мен аудару тәртібін салымшы өзі белгілейді. Жарналарды банктер арқылы немесе жұмыс берушіге өтініш беру арқылы аударуға болады.

Жұмыс беруші де зейнетақы жинағына ақша аударады

Зейнетақы жинағын арттырудың тағы бір жолы – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы. Бұл төлем қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен аударылады.

БЖЗҚ мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы қызметкер табысының 3,5 пайызына тең болды. Бұл жарна 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлер үшін төленеді.

Жарна мөлшері алдағы жылдары да кезең-кезеңімен өседі. 2027 жылы 4,5 пайызға, 2028 жылы 5 пайызға жетеді.

Зейнетақы ақшасын басқарушы компанияға беруге болады

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап қазақстандықтардың зейнетақы жинағын басқару мүмкіндігі кеңейді.

БЖЗҚ-ның 2026 жылғы 7 қыркүйектегі ресми хабарламасында айтылғандай, азаматтар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарының 100 пайызына дейінгі бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға бере алады.

Бұған дейін міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналған ақшаның 50 пайызына дейінгі бөлігін ғана басқаруға беруге болатын.

Мұндай компаниялар зейнетақы активтерін түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс табуға тырысады. Алайда инвестициялық кірістілікке кепілдік жоқ. Сондықтан басқарушы компанияны таңдағанда оның стратегиясын, бұрынғы кірістілігін және тәуекел деңгейін зерттеген жөн.

БЖЗҚ-ның түсіндіруінше, салымшылар басқарушы компаниялар мен олардың инвестициялық стратегиялары туралы invest.enpf.kz порталынан ақпарат ала алады.

Зейнетақы шотындағы ақшаны қалай тексеруге болады?

БЖЗҚ салымшылары өз жинағы туралы ақпаратты қордың ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы біле алады. Жеке кабинеттен міндетті, ерікті және жұмыс беруші аударған жарналар туралы мәлімет алуға болады.

Сонымен қатар қордың инвестициялық порталы арқылы басқарушы компаниялардың көрсеткіштерімен танысуға болады: invest.enpf.kz.

Осылайша, зейнетақы жинағын көбейту үшін азаматтар қосымша жарна аударып, жұмыс берушінің төлемдерін қадағалап, инвестициялық басқару мүмкіндіктерін пайдалана алады. Ең бастысы, қаржылық шешім қабылдағанда инвестициялық тәуекелді ескеру қажет.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2