Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Тағы бір лауазымды тұлға ұсталды

Тағы бір лауазымды тұлға ұсталды Тағы бір лауазымды тұлға ұсталды
Фото: gov.kz

Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Әлеуметтік желіде шенеуніктің кәсіпкерден 400 мың теңге пара алды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Журналист Болат Аманбаевтың мәліметіне сәйкес, сөз Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Александр Сафьяников туралы болып отыр.

Оның ұсталғаны жөніндегі ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Жазба авторы шенеунік кәсіпкерден 400 мың теңге алған деген болжам айтқан. Сондай-ақ оның тергеу барысында процестік келісімге келгені туралы мәлімет тараған.

Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растаған. Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Алайда Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге мән-жайлары жарияланбайды.

Жазбада басқарма орналасқан ғимараттың жағдайы да сынға алынған. Автордың айтуынша, нысан 1959 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Ғимаратта көгершіндер ұя салып, кеміргіштер көбейгені туралы да шағым айтылған.

Әзірге басқарма басшысының ұсталғаны, оған тағылған күдік және ықтимал процестік келісім туралы мәліметтерді құқық қорғау органдары ресми түрде растаған жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2