Мәзір
26 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Соңғы рейстерінің бірі еді»: жолаушыларға соңына дейін дем берген стюардесса туралы әке-шешесі айтты

Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан AZAL бортсерігі Хокума Алиеваның ата-анасы БАҚ-қа сұхбат берген. Ата-анасының айтуынша, Баку-Грозный рейсі Хокуманың соңғы рейстерінің бірі болған, деп хабарлайды buginmedia.kz  1news.az-ға сілтеме жасап.

«Соңғы рейстерінің бірі еді»: жолаушыларға соңына дейін дем берген стюардесса туралы әке-шешесі айтты «Соңғы рейстерінің бірі еді»: жолаушыларға соңына дейін дем берген стюардесса туралы әке-шешесі айтты
Фото: sonxeber.az

33 жастағы стюардесса Хокума Алиеваның анасы Кямаля Алиеваның айтуынша, қызы өте мейірімді әрі алға қойған мақсаты нық адам болған. 

«Ол өте мейірімді болды. Көп елге барды. Әрқашан «мені мақтан тұтыңыздар» дейтін. Бірде сапардан қайтып келе жатып, ұшақтың апатқа ұшырай жаздағанын айтқан еді. Бірақ бұл жолы шынымен апат болып, қызым аман қала алмады», - дейді Кямаля Алиева.

 Хокуманың әкесі Жалил Алиев Баку-Грозный рейсі қызының стюардесса ретіндегі соңғы рейстерінің бірі болғанын айтқан.

«Содан кейін ол компанияда заңгер қызметіне ауысуы керек еді», - дейді оның әкесі.

Әкесінің айтуынша, Хокуманың Баку мемлекеттік университетінің заң факультетіне 612 ұпай жинап, оқуға түскен. Содан кейін магистратура мен докторантураны тәмамдаған.  2016 жылдан бастап «Әзірбайжан әуе бағыты» компаниясында жұмыс істеген. Алдымен аудармашы, содан кейін стюардесса болған.

Хокума апат кезінде жолаушыларды соңына дейін қолдап, дем берген.

Айта кетсек, Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңына құлап түсті. Бортта 42 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Барлығы 38 адам қаза тапты. Бүгін Әзербайжанда Аза тұту күні.

Апта талқысында: