Компанияның хабарлауынша, 21 шілдеге дейін жоспарланған рейстер Дубайда жүрген жолаушыларды Қазақстанға қайтару үшін орындалады.
Air Astana жолаушыларға бірнеше балама нұсқа ұсынып отыр.
«Жолаушыларға билеттердің құнын толық қайтарамыз немесе кейінгі күндер жылжыта аламыз. Болмаса, Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау ұсынамыз», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Әуе тасымалдаушысы бұл шешім Ормуз бұғазы мен оған жақын аймақтағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты қабылданғанын атап өтті.