Мәзір
Бүгін, 20:48 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жолаушы пойызда кенеттен көз жұмды: жолсерік тосын әрекет жасаған

Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында болған оқиғаға байланысты қызметтік тексеру басталды. Жолсерік билетсіз мінген жолаушыны жасыру үшін оның қайтыс болғаннан кейін атына билет рәсімдеген, деп хабарлайды buginmedia.kz hronika.kz-ға сілтеме жасап.

Жолаушы пойызда кенеттен көз жұмды: жолсерік тосын әрекет жасаған Жолаушы пойызда кенеттен көз жұмды: жолсерік тосын әрекет жасаған
Фото: © El.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, пойыз 12 шілдеде Атырау станциясынан шығып, келесі күні таңертең Ақтөбеге жеткен. Тергеу барысында 44 жастағы ер адамның пойызға билетсіз отырғаны анықталған.

Сапар барысында жолаушының жүрегі кенеттен тоқтап, ол көз жұмған. Осыдан кейін вагон жолсерігі билетсіз жолаушының болғанын жасыру мақсатында марқұмның жеке куәлігін пайдаланып, оның атына ресми билет сатып алған.

Оқиғадан соң «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ішкі қызметтік тексеру жүргізе бастады. Әзірге вагон жолсерігі мен осы бағытқа жауапты учаске басшысына қатаң сөгіс жарияланған.

Қазіргі уақытта тексеру жалғасып жатыр. Оның нәтижесіне қарай кінәлі қызметкерлерді жұмыстан босату мәселесі қаралады.

Бұл оқиға бойынша полиция да тергеу жүргізіп, барлық мән-жайды анықтап жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2