Мәзір
23 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Картадан ұтылғанда өз анасын құлдыққа берген

Заңгер Ләззат Рақышева ойынқұмарлық ХХІ ғасыр дерті екенін айтып, оқырмандардан онымен күресу үшін ойларын ортаға салуды сұрады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Картадан ұтылғанда өз анасын құлдыққа берген Картадан ұтылғанда өз анасын құлдыққа берген
Фото. Pinterest

"Өкінішке орай қәзір елімізде лудомандар, ойынқұмарлар өте көп. Ойынқұмарлық — ХХІ ғасыр дерті. Бұл — есірткіге, ішімдікке тәуелділіктен де қауіпті тәуелділік. Нашақорлар мен маскүнемдер сияқты ойынқұмарлар да дүние-мүлкін сатып, қарызға батып, тіпті ұрлықшы, алаяқ, қылмыскерге айналып кетуі мүмкін. Ойынға тәуелді болуы салдарынан өз өмірі қауіп-қатерге толы болады.
Ойынқұмарлықтың алғашқы белгілері қандай? Қандай адам ойынқұмарлыққа бейім болады? Ойынқұмар болудың себептері қандай? Бұл дерт баланың қай жастағы жан жарасымен тығыз байланысты? Ойынқұмарлықтың соңы немен аяқталуы мүмкін. Ойынқұмар адамды қалай емдеу керек? Ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар", - деп жазды ол.

Апта талқысында: