Мәзір
22 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Қуанғаннан жылап жібере жаздадық»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен бірге түскен видеосын жариялады

Әнші Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram-дағы парақшасында Қайрат Нұртаспен түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Қуанғаннан жылап жібере жаздадық»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен бірге түскен видеосын жариялады «Қуанғаннан жылап жібере жаздадық»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен бірге түскен видеосын жариялады
Фото: видеодан алынды

Желіде жариланған видеода ерлі-зайыптылар өздері туралы айтылып жүрген түрлі алыпқашпа әңгімелердің барын, бірақ олар оны айыптамайтынын айтады. Сонымен қатар, видеода актриса өзі ұйымдастырып жатқан ұтыс ойынының ережелерін түсіндіреді.

Жұлдызды жұптың қарым-қатынасы туралы желіде түрлі алыпқашпа әңгімелер жүреді. Сондықтан да болар  екеуінің бірге түскен фото-видеолары жарияланса, желі қолданушылары қызу талқыға салады. Мәселен, актрисаның парақшасында бүгін жарияланған видеоның астында желідегілер бір сағаттың ішінде мыңдаған пікір қалдырып үлгерген.

Көпшілік екеуіне бақыт тілеп, бірге көргендеріне қуанышты екендіктерін жеткізген.

«Айналайындар, бірге болыңдаршы, сендерді бірге көргіміз келеді», «Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын! Тату да тәтті өмір сүріңдер!», «Бақытты болыңдар, бөлек жүрген жараспайды сендерге!», «Неге екенін білмеймін, екеуін бірге көрсем қуанамын», «Қуанғаннан жылап жібере жаздадық» деген пікірлер қалдырылған.

Апта талқысында: