Мәзір
22 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Әйелін ұрып-соғып, пышақ ала жүгірген: еркек сол пышаққа өзі құлап өлді

Заңгер Ләззат Рақышева күйеуінен қорлық көрген тағы әйелдің өтініш хатын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әйелін ұрып-соғып, пышақ ала жүгірген: еркек сол пышаққа өзі құлап өлді Әйелін ұрып-соғып, пышақ ала жүгірген: еркек сол пышаққа өзі құлап өлді
Фото: istockphoto.com

"Біздің @onestopservice_1qadam орталығына 8 жылға сотталған, көпбалалы анадан өтініш келген .Бес баласы бар әйелдің бүкіл өмірі зорлық-зомбылықпен өткен. Бірақ әйелін тепкінің ас­тына алған алқаш, анаше шегетін еркектің қолына кісен салынбаған. Соңғы рет күйеуі әдеттегідей әйелін көкала қойдай сабап, үсті-басын пышақпен ті­лімдеген. Сол кезде екеуі алысып жатқанда пышақ жазатайым күйеуіне тиіп, қайтыс болады. Қасақана өлтірмеген, өзін қорғау үшін абай­сызда күйеуін өлтіріп алған бес баланың анасы осыдан соң түрмеге қамалады. Сот үкімі шыққанда бір баласы омырауда еді. Қазір өзі түрмеде, төрт баласы Бағанашыл­дағы балалар үйінде, ең кішкен­тайы сәбилер үйінде.

Өкінішке орай, заңнан қорғаныш таппаған әйелдер өз-өзін қорғау үшін небір аянышты жағдайға барады. Полицияға сенім жоқ өйткені.

Бұл әйелдің ісін қараған тергеу­шілер – ер адам, сот шешімін шы­­ғарған да ер адам. Олар қай­­тыс болған ер адамның құқы­ғын қорғап, әйелдің қорғану ба­ры­сында абайсызда жасаған ісін ескермей, 8 жылға соттап жіберген.

Бұл біздегі құқықбұзу­шылыққа жеңіл санат­ты белгілеу арқылы, ауыр және аса ауыр қылмыстың артуына алып келіп отырғанын көрсетеді.

Осы ретте қайтыс болған еркектің жылдар бойы әйелін қорлап келгені, әйелдің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны екені, оның қамқорлығында бес бірдей баланың бар екені, ол балалар жетімдік зардабын тартпауы үшін тым болмаса, анасы жанында болуы керектігі ескеріліп, жеңілдетілген жаза тағайындалуы керек еді. Өкінішке орай, біздің заңда зорлықтан қорғану мақсатында абайсызда адам өлтіріп алу деген бағыттағы түсінік мүлдем жоқ", - деп жазды құқық қорғаушы.

Апта талқысында: