Мәзір
17 қазан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Жүрегім қан жылап тұр»: Арман Дүйсеновтің ұлының сүйіктісі жан тебірентерлік жазба жариялады

Марқұм Арман Дүйсеновтың қайтыс болған ұлының сүйіктісі Аруна Асхатқызы желіде жан тебірентерлік жазба жариялап, марқұмды есіне алды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Жүрегім қан жылап тұр": Арман Дүйсеновтің ұлының сүйіктісі жан тебірентерлік жазба жариялады "Жүрегім қан жылап тұр": Арман Дүйсеновтің ұлының сүйіктісі жан тебірентерлік жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

«Сенен айырылу өте ауыр. Сен менің жақын адамыма ғана емес, жанымның бөлшегіне айналдың. Жүрегім қан жылап тұр, қасымда енді сенің жоқтығыңды қабылдай алмаймын. Қазір өткен күндердің суреттерін қарап отырмын, онда біздің бақытқа толы қуанышты сәттеріміз бейнеленген. Қазір мен үшін демеу болатын жалғыз дүние – сенімен бірге өткен күндердің естелігі. Өміріме мән сыйладың. Сені жарқын сәттерді сыйлаған адам ретінде мәңгі есте сақтап қаламын. Жаның жәнната болсын, Абылайым», – деп жазған ол.  

Бұған дейін Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылай Дүйсеновтің көз жұмғанын хабарланды. Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

Композитор Арман Дүйсенов 2023 жылғы қаңтарда қайтыс болды.

 

Апта талқысында: