Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше түнде Германияның Магдебург қаласында қайғылы болды.
Сауд Арабиясының азаматы басқарған көлік рождестволық жәрмеңкеге жиналған халықты жоғары жылдамдықпен басып өтіп, салдарынан екі адам қаза тауып, 70-тен астамы жарақат алған деген ақпарат тарады.
Кейін белгілі болғандай, Der Spiegel басылымының хабарлауынша, қаза тапқандар саны қазірдің өзінде бес адамға жетті, тағы 86 адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Террорист Германияда тұрақты тұрғылықты жері бар 50 жастағы Сауд Арабиясының дәрігері болып шықты. Қылмыс жасаған кезде ол есірткілік масаң күйде болған.
Осы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.