Мәзір
17 қазан, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Жамбыл облысында 13 жастағы қызды туған ағалары алты жыл бойы зорлаған

Жамбыл облысындағы ауылда 13 жастағы қызды екі ағасы кішкентай кезінен бастап зорлап келгені анықталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жамбыл облысында 13 жастағы қызды туған ағалары алты жыл бойы зорлаған Жамбыл облысында 13 жастағы қызды туған ағалары алты жыл бойы зорлаған
Фото: istockphoto.com

Бұл туралы Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді.

Қазір оқушы анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілген.

"Өңірлік уәкілмен бірге 6 жыл бойы туған екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген 13 жастағы қыздың ісімен жұмыс істеп жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді, қажетті көмектің барлығы көрсетіліп жатыр", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы жағдайдан кейін аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шара қолданылған.

Белгілі болғандай, қыз оқитын мектеп – ауылдағы жалғыз білім ошағы. Бала психолог жинаған сауалнамада зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы сигнал берген, бірақ оны ешкім елемеген.

Зәкиева лауазымды тұлғаларды немқұрайлығы үшін жауапқа тарту мақсатында прокуратураға жүгінгенін мәлімдеді.

Апта талқысында: