Мәзір
Бүгін, 14:45 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизоны аумағында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды. Бұл ақпаратты аудандық полиция растады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды
ашық дереккөз

Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір анасының жеке басын анықтау және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, сәби қыз бала. Ол медициналық мекемеге жеткізілген, дәрігерлер жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтерді жарияламай отыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2