Мәзір
19 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Петропавлда судья 15 мың доллар пара алу кезінде ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы ұсталды, деп хабарлады buginmedia.kz Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Петропавлда судья 15 мың доллар пара алу кезінде ұсталды Петропавлда судья 15 мың доллар пара алу кезінде ұсталды
Фото: istockphoto.com

"Бүгін, 2024 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б. соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Апта талқысында: