Мәзір
18 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Денсаулық

Дене қызуы көтерілгенде қалай түсіру керек?

Адамның ыстығының көтерілуі – оның ағзадағы инфекциямен күресуінің белгісі, деп хабарлады buginmedia.kz

Дене қызуы көтерілгенде қалай түсіру керек? Дене қызуы көтерілгенде қалай түсіру керек?
Фото: envato.elements.com

Дене қызуы көтерілген кезде үй жағдайында емделу жолдары

Кез келген жұқпалы ауру кезінде адамның дене қызуы жоғарылайды. Коронавирус та вирустық инфекция болғаннан кейін оның басты симптомдарының бірі – дене қызуының көтерілуі болып табылады. Бірақ, бұл симптом байқалса, үрейге салынып, дәрі-дәрмек қабылдауға асығудың қажеті жоқ.

Дәрігерлердің айтуынша, дене қызуы 38 градустан жоғары болмаса, дәрі ішіп дүрлікпеген дұрыс. Оның орнына көп мөлшерде сұйықтық, яғни су не шай ішіп, көбірек ұйықтап, демалған жөн. Ағзаның вируспен күресуі үшін артық күш жұмсамау керек. Ол үшін нәрлі тамақ жеген пайдалы. Бұл жағдайда адамның ары кетсе 5-6 күн ауырып, аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік мол.

Дәрі ішудің дозасы

Парацетамол дозасы – 4 сағат сайын бір ғана таблетка (500 мг). Бұл дәріні мөлшерден артық ішу – бауыр жұмысына зиян. Парацетамолды ішкен соң су ішіп, жатып демалу керек. Ақырындап ыстық түсіп, дене температурасы қалыпты деңгейге келе бастайды. Кішкентай балаға парацетамолды салмағының әр келісіне 10-15 миллиграмнан есептеп ішкізу керек.

Дереккөз: newsroom.kz

Апта талқысында: