Мәзір
17 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Тіс емдеуге зейнетақы жинағын алуға тыйым салу азаматтардың құқығын бұзады – депутат

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Денсаулық сақтау министрлігінің зейнетақы жинақтарының артығын стоматологиялық қызметтерге беру мүмкіндігін алып тастау туралы бастамасына пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тіс емдеуге зейнетақы жинағын алуға тыйым салу азаматтардың құқығын бұзады – депутат Тіс емдеуге зейнетақы жинағын алуға тыйым салу азаматтардың құқығын бұзады – депутат
Фото: Мәжіліс

Оның айтуынша, бұл ұсыныс алаяқтық пен қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілерінің анықталуына байланысты жасалған. Дегенмен, депутат заң бұзушылықтармен күресу азаматтардың құқықтарын шектеу арқылы емес, қылмыстық істер қозғау арқылы жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

“Тіс емдеу сылтауымен ақшаны шығарып алған алаяқтық, айлакерлік фактілері бар. Менде «Отбасы банкінен» алынған материалдар бар – өте көп миллиардтар шығарылған. Енді бұл тәжірибені толық тоқтатқысы келеді. Бұл дұрыс емес. Қылмыстық істер қозғаңыздар, жауапкершілікке тартыңыздар. Қатысы бар клиникалар мен стоматологияларды тексеріп, лицензияларын қайтарып, мекемелерді жабу керек”, – деді Базарбек Мәжіліс кулуарында.

Сонымен қатар, депутат азаматтардың зейнетақы жинағының артығын тіс емдеуге пайдалану құқығы сақталуы қажет екенін айтты.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағының артығын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салуды ұсынған болатын.

“Қазіргі уақытта тіс емдеуге зейнетақы жинағындағы артық қаражатты беру тоқтатылды. Әзірге бұл нақты шешім. Процесте, ұйымдастыруда  қандай ақау, кемшілік болғаны анықталған соң мүмкін болашақта қайта жандандырылуы мүмкін. Алаяқтық жолмен алынған қаражат 240 миллиардтан асты, анықталмаған қанша. Бұл 3-4 өңірде болған оқиға, басқа өңірлерде не болып жатқанын тергеу ангықтайды», - дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйектен бастап «Отбасы банк» тіс емдеуге зейнетақы жинағын алу өтінімдерін қабылдауды уақытша тоқтатты.

Қазір Атырауда жалған стоматологиялық қызметтер арқылы азаматтардың зейнетақы қорындағы 200 млрд теңге ақшасын шешіп берген бес қылмыстық топ тергеліп жатыр. Қаржы мониторинг агенттігі бұл істе 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлады. Дегенмен, тергеуде елу адам және 200-ден астам дроппердің ісі де бар екені хабарланған. Ал, тіс емдету үшін зейнетақы қорындағы артық ақшасын алған азаматтар қылмыстық іске тартылмайтын болды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2