Мәзір
17 қазан, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Жітіқарада 5 баласынан айырылған отбасына екі бөлмелі пәтер берілді

Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрт салдарынан бес баласынан айырылған отбасына пәтер берілді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жітіқарада 5 баласынан айырылған отбасына екі бөлмелі пәтер берілді Жітіқарада 5 баласынан айырылған отбасына екі бөлмелі пәтер берілді
Фото: видеодан алынды

Өңір әкімдігінің мәліметінше, жеке үйде шыққан өртте бес баласынан айырылған отбасына қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.

«Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорынның бастамасымен отбасына екі бөлмелі пәтер сатып алынды», – делінген әкімдік хабарламасында.

Апта талқысында: