Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігіне өз әсерін тигізеді, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстікте, солтүстік – батыста, орталықта қар жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында шығатын антициклонның жотасы жауын-шашынсыз ауа райын анықтайды. Республика бойынша желдің қарлы боранмен, тұманмен, көктайғақпен күшеюі күтіледі.
Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз күтіледі.