"Құрметті достар! Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл — алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!", — деді Балаева.
Министр көпшілікті сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырды.