Мәзір
17 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

17 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 17 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

17 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды 17 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Qazaqstan

Солтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігіне әсер ететін болады – жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады. Еліміздің қалған территориясында кетіп бара жатқан антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25-28 градус қатты аяз күтіледі.

Апта талқысында: