Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.
«Қазаны ұмыту, жалғыздықты жеңудің нақты бір формуласы жоқ. «Бекем бол», «Мықтысың» деген сөздер көмектеспейді. Менің мұңымды сәл де болсын жеңілдететін – Аллаға деген сенім, тәуекел, балаларымның болашағы және сүйікті жұмысым. Бірақ кейде бос уақыт жаныңды жейді», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Еске салайық, 2022 жылы 6 қарашада "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев өмірден өтті.