Мәзір
10 қыркүйек, 2026 / BuginMedia / Әлеумет

Меркіде қаза болған Мадина Авезованың анасы күйеу баласымен алғаш рет кездесті

Жамбыл облысының Меркі ауданында қаза болған 19 жастағы Мадина Авезованың ісіне қатысты жаңа видео жарияланды. Журналист Жан Ахмадиев марқұмның анасы мен Мадинаның күйеуі Мадиярдың қайғылы оқиғадан кейін алғаш рет кездескенін мәлімдеді,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Меркіде қаза болған Мадина Авезованың анасы күйеу баласымен алғаш рет кездесті Меркіде қаза болған Мадина Авезованың анасы күйеу баласымен алғаш рет кездесті
әлеуметтік желіден

Журналист кездесу сәтін видеоға түсіріп, Instagram парақшасында жариялаған.

«Мадияр мен Мадинаның анасы өлімнен кейін алғаш рет кездесті…» – деп жазды Жан Ахмадиев.

Бұған дейін журналист Мадинаның өліміне қатысты сараптама қорытындысы дайын болғанын хабарлаған. Ол осыған байланысты Таразға келгенін, ал заңгерлер іс материалдарымен танысып жатқанын айтқан. Сонымен қатар түсірілім тобы Мадиярдан сұхбат алуға тырысқан.

Еске салайық, Мадина Авезова 2026 жылғы тамызда Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болды. Оқиға алдында оның күйеуі Мадиярмен жанжалдасқаны туралы марқұмның құрбысы әлеуметтік желіде жазған.

Жарияланған хат алмасуда Мадина күйеуінің баласына әкелген «Барни» бисквитін жегеннен кейін жанжал шыққанын және өзіне күш қолданылғанын айтқан. Марқұмның туыстары оның өліміне қатысты күмәнді жайттар барын айтып, істің жан-жақты әрі объективті тергелуін талап етіп келеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2