Мәзір
12 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Аймақ

Шымкентте судья 110 млн теңге пара алған

Шымкент қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шымкентте судья 110 млн теңге пара алған Шымкентте судья 110 млн теңге пара алған
Фото: istockphoto.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Мәселен, агенттік Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады.

"Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда. Бас прокуратура биылғы жылы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады", –  делінген ақпаратта.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін  әрбір адам кінәсіз болып саналады.

Апта талқысында: