Мәзір
12 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

«Қан түкіріп жатса да, қасында ешкім болмады»: бейтаныс әйел Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі қатты қиналғанын айтты

Желіде Гүзал Мұсаева есімді әйел Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі Нұрбике Ілімбайқызы қайтыс болар алында соңғы екі күнде қатты қиналып, қан құсқанын жазып кеткен, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Қан түкіріп жатса да, қасында ешкім болмады": бейтаныс әйел Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі қатты қиналғанын айтты "Қан түкіріп жатса да, қасында ешкім болмады": бейтаныс әйел Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі қатты қиналғанын айтты
Фото: «Уақыт көрсетеді» бағдарламасы

«Анаңызды бірінші қалалық ауруханадағы біздің палатаға әкеліп жатқызды. Екі күн жатты, қатты ауырды, қатты қиналды. Қасында не су беретін адам жоқ, не орамалмен бетін сүртетін адам жоқ. «Су беріңдерші, салфетка беріңдерші, дәрігер шақырып беріңдерші» деп әрқайсымызға жалынды. Бұл кісіні ауруханаға бір келіншек әкеліп жатқызып, кеткенше асықты. «Сізге дәрі әкеліп беремін» деп кетті, содан қайтып келмеді. Апа «келінім ғой» деді. Күтім былай тұрсын, екі күн бойы артынан ешкім іздеп келген жоқ, телефон соққан жоқ. Қан түкіріп жатты. Бүкіл больница қатты таң қалды. Ақыры кешке қарай реанимацияға алып кетті. Қатты қиналған байқұс апаның соңғы күндерінде бір де бір баласы қасында болмағаны өкінішті. Бұл жағдай көп нәрсені ойландырады», - деп жазған Гүзал Мұсаева.

Ал бүгін әлеуметтік желіге шыққан Құралай Нұрқаділова Астанаға оралғанын, алайда, пәтерінен төрт күн ешқайда шыға алмай, қатты күйзеліске түскенін айтқан.

«Психологияға жақын адаммын...кезінде коронавирустан кейін жақынынан кенет айырылған талай адамды жұбатып едім. Қазір енді өзімнің күйіме өзім жәрдемші болып жатырмын. Ойым бөлінсін деп жұмысқа араласа бастадым», - дейді Құралай Нұрқаділова.

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділовпен 27 жыл отасқан Нұрбике Ілімбайқызы 22 қарашада қайтыс болды.

Апта талқысында: