Мәзір
22 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі қайтыс болды

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі қайтыс болды Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі қайтыс болды
Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы

Бұл туралы қызы Құралай Нұрқаділова Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Бүгін түнде еліміз үшін үлкен адамдардың бірі қайтыс болды. Бұл Заманбек Нұрқаділов тұлға ретінде қалыптасқан жылдары оның серігі болған әйел. Ақылды, білімді және саяси сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Өте қарапайым әрі зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады. Осы жылдар ішінде ол үндемей келді, ол Кеңес Одағы кезіндегі және одан кейінгі еліміз туралы көп нәрсе айта алатын. Жас саясаткерлер оның ақыл-кеңесіне құлақ түріп, өмірге қадам басты. Ол барлық тарихи фактілерді ішінде сақтайтын, өте қызықты етіп айтып беретін. Менің анамның даналығына оны білетіндердің бәрі таңданатын. Иманда бол, анашым, мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым!", - деп жазды ол.

Апта талқысында: