Мәзір
19 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Атқан адамдар белгілі болады деп сенемін»: Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділов туралы айтты

Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтың өліміне қатысты ойын айтты, деп хабарлады buginmedia.kz.

"Атқан адамдар белгілі болады деп сенемін": Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділов туралы айтты "Атқан адамдар белгілі болады деп сенемін": Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділов туралы айтты
Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Өнер иесі атқан адамдардың аты белгілі болатынына сенетінін жеткізді.

Мақпал Жүнісова бұл туралы Massaget.kz тілшісіне берген сұқбатында айтты.Эстрада жұлдызы марқұмның үйіне қатысты пікір білдірді.

"Зәкең жайлы көп сөз қозғай беріп керек емес. Мен ол кісінің ақталатынына сенемін. Зәкең ақталғанда үкіметке тапсырамын деп оның қолданған заттарын, суретшілер салған портреттерді өзінің үйінде сақтап отырмын. Ол үй Мерейдің үйі. Қызым екеуміз оны барып жинап тұрамыз. Сол кісінің аруағы разы болсын деп жүрміз. Зәкеңді атқан адамдардың аты жақында белгілі болады деп сенемін", - деді әнші.  

Айта кетейік, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2015 жылы 12 қараша күні қаза тапты. Оның денесінде үш оқтың ізі болды. Екеуі кеудесінде, біреуі басына тиген. Ресми қорытындыға сәйкес, Нұрқаділов өз-өзіне қол салған.

Апта талқысында: