Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық қорғаныс істері департаменті растады.
"Осы жылдың 8 желтоқсанында Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы қызмет өткеру орнында суицид жасады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, орын алған жайт әскери қызметті өткерумен байланысты емес. Себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбе облыстық қорғаныс істері департаменті әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген ведомство хабарламасында.